Бірқатар орталық меморган басшылары «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауларында азаматтарды қабылдайды

None
None
АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы шілде айында еліміздің бірқатар мемлекеттік орган басшылары «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауларында азаматтарды қабылдайтын болады. Бұл туралы бүгін партияның Орталық аппаратында өткен брифинг барысында қоғамдық қабылдаулар бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов мәлім етті.

Ж. Жүкеновтің сөзіне қарағанда, ағымдағы шілде айында партияның орталық аппаратында Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов, Ұлттық ғарыш агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновалар азаматтарды қабылдайтын болады.

Еске салсақ, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында партияның орталық аппаратындағы қоғамдық қабылдауларда Денсаулық сақтау, Мұнай және газ, Төтенше жағдайлар министрлері, Ауыл шаруашылығы министрі, Ішкі істер министрі, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы мен салық комитетінің төрағасы азаматтарды қабылдаған. «Шара аясында аталған мемлекеттік орган басшыларымен 118 адам қабылданды. Азаматтардың арыз-шағымдары бойынша 21 проблема оң шешімін тапты», - дейді Ж. Жүкенов.

Соңғы жаңалықтар