Бірқатар өңірде сот сараптама органдарына жаңа ғимараттар салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан мен Ақтөбе облыстарында сот сарапта органдары үшін ғимарат салынады. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сарапшылық қызмет саласында министрлік үшін сот сараптама органдарын қызметтік ғимараттармен қамтамасыз ету басымдыққа ие. Бұл нысандар жоғары стандарттар мен талаптарға сай болуы тиіс», - деді М. Бекетаев халық алдында есеп беру барысында.

Оның сөзіне қарағанда, 2020-2022 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан мен Ақтөбе облыстарында тиісті ғимараттардың құрылысы ескерілген.

«Атырау облысының жергілікті атқару органы тарапынан сот сараптама ғимараты салынды. Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстарының әкімдіктері сот сараптама органдарын орналастыру арналған тиісті ғимараттар берілді», - деді Әділет министрі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда сот сарапталарын жүргізудің бір бөлігі аутсорсинг түрінде жүргізіледі.



Соңғы жаңалықтар