Бірқатар өңірде мектептегі сабақ онлайнға ауыстырылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Бірнеше өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептер онлайн оқу форматына көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды қаласында 0-4 сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқуға көшіріледі. Ал 5-11 сынып оқушыларының сабақтары штаттық режимде оқытылады.

Сонымен қатар Семей қаласындағы 0-9 сынып оқушылары онлайн форматқа көшірілді.

Павлодар қаласындағы бірінші ауысымда оқитын 1-9-сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтықтан ұйымдастырылады.

Кеше кешке хабарланғандай, бүгін Астанадағы бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқиды.


Соңғы жаңалықтар