Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
28-30 қарашада Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Тәулік бойы 28, түнде 29 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
Түнде 28 қарашада Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман сақталады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан таулы аудандарда оныңжылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Шымкент қаласында да 28 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с күтіледі.