+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Бірқатар облыстарда найзағай ойнап, жауын жауады

2021 жылғы 20 маусым 02:35
Бөлісіңіз:
Бірқатар облыстарда найзағай ойнап, жауын жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2021 жылғы 20 маусымда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Күнгей мен теріскейде - аптап, батыста - бұршақ: 24 шілдеге арналған ауа райы Атырау облысында қатты жел мектеп шатырын ұшырып әкетті Елордада 35 градус ыстық болады

Солтүстік-батыс циклонының әсерімен елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте нөсер жаңбыр жауады. Республиканың тек батысы мен оңтүстік-батысы атмосфералық қысымның жоғары алқабында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстікте және батыста шаңды дауылмен күтіледі.

Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, кей жерлерде жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Түнде Түркістан облысының кей жерлерінде, күндіз тауларында найзағай, дауыл, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел 17-22, екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді.

Қызылорда, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Ақтөбе облысының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT