Бірқатар облыстарда егістік жерлер не үшін қысқарғаны түсіндірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану тақырыбында өткен дөңгелек үстелде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев елімізде егістік алқаптары негі қысқарғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер қорына жасалған талдауға сүйенсек, жыл сайын егістік жердің айналымға шығарылуы артуына қарамастан, соңғы 25 жылда егіндік жердің ауданы 10 млн 600 мың гектарға қысқарғаны байқалады. Сонымен бірге алқаптың қысқаруының негізгі кезеңі 1991-2000 жылдарға тиесілі. 2000 жылдан бастап егістік жер жыл сайын 24 млн гектар деңгейінде», - деді Ерлан Нысанбаев.

Оның атап өтуінше, бүгінде егіс алқаптарының негізгі үлесі Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында шоғырланған.

Егістік жерлердің қысқаруының елеулі көрсеткіші Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында байқалды.

Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жеріне тиесілі егістіктің қысқаруы мына себептер бойынша орын алды: біріншіден, жер реформасының бастапқы кезеңінде шаруашылық субъектілерінің экономикалық жағдайларына байланысты егістіктерді қордағы (запастағы) жерлер санатына енгізілуі нәтижесінде, сондай-ақ реформаланған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда жерді пайдаланбау салдарынан; екіншіден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы тыңайған жерлер аумағының кеңейтілуіне және суармалы жерлерде суландыру жүйесінің жоқтыған байланысты; үшіншіден, егін салынатын жерлерді ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа түрлеріне ауыстырылуына қатысты.

Мұнымен қоса, Е. Нысанбаев топырақ құнарлығының төмендеуіне минералды әрі органикалық тыңайтқыштардың тиісті деңгейде себілмеуі, агротехникалық шаралардың дұрыс орындалмауы ықпал еткенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар