Бірқатар облыстар су жинақтау жұмыстарын нашар жүргізген - Сағынтаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірқатар облыстар су жинақтау жұмыстарын нашар жүргізген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай және Түркістан облыстары суды жинақтау жоспарын орындау бойынша жұмыстарды нашар жүргізген. Жоспардағы іс-шараларды орындау үшін барлық жұмыстар жасалуы қажет. Өмірзақ Естайұлы бақылау сізде", - деді Бақытжан Сағынтаев орынбасары әрі Ауыл шаруашылығы министрі Шөкеевке қарата.

Осы ретте Премьер-Министр суды жинақтау жоспарын орындау кезінде оның агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасымен біріктірілгендігін ескеру қажеттігін айтты.

"Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері Ауыл шаруашылығы министрлігімен және облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 20 ақпанына дейін жаңа су қоймаларын салу және шағын су қоймаларын жаңғыртуға техникалық-экономикалық негіздемелерді қаржыландыру мәселесін қарастыратын болсын", - деген Үкімет басшысы бұл мәселені де Шөкеевке бақылауға алуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар