Бірқатар министрлікке қосымша құзырет берілмек
Құжатқа сәйкес, енді ведомстволарға мынадай қосымша құзырет берілмек:
Қаржы министрлігіне:
- әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін келісу.
Мәдениет және спорт министрлігіне:
- жастарды мәдени ағартуды және олардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру;
- мәдениет мәселелері жөніндегі жастар бастамаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру.
Денсаулық сақтау министрлігіне:
- әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін келісу.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне:
- шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін бекіту;
- жастарды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
- уақытша бос жүрген жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне:
- жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекіту;
- жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекіту;
- жастардың даму индексін енгізу мен қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыру.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне:
- әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін келісу.
Қаулы 1 ақпанға дейін көпшілік талқылауда болады.