Бірқатар мемлекетте Қазақ мәдени-іскерлік үйлері ашылады - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қандастарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қолдау мәселесі мемлекеттік бағдарламаларға енгізілетінін мәлімдеді. Бұл жайлы министр халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қандастардың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қолдау мәселесі де жылдан жылға шешіліп келеді. Қазір олар елімізде іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларға енгізілетін болады. Азаматтық алғысы келетін қандастарымызға арналған «Отандастарды ақпараттық қолдау орталығы» құрылып, оған былтырдың өзінде 5 мыңға жуық өтініш түсті. Өз кезегінде «Отандастар» қорымен бірлесіп қазақтар көп шоғырланған шет елдерде Қазақ мәдени-іскерлік үйлері ашылатын болады. Бұл ең алдымен Қытай, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Германия мен Түркия сияқты елдерге қатысты», - деді ол.

Сонымен бірге, Аида Балаева тіл оқыту мәселесіне тоқталып, қазірдің өзінде 12 елдің 23 қаласында 31 қазақ сыныпты онлайн режимде ашылғанын, биыл бұл елдерде 2,5 мыңнан аса балалар ана тілінде білім алатынын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар