Бірқатар мемлекет басшылары Елбасын құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен, Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинянмен, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен, Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркия Президенті Елбасыны туған күнімен және астана күнімен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және жаңа жетістіктер тіледі.

Тараптар бауырлас екі елдің игілігі үшін Қазақстан-Түркия ынтымақтастығын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Арменияның Премьер-Министрі Елбасыны туған күнімен және астана күнімен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен амандық тіледі.

Ресей Президенті Елбасыны туған күнімен және астана күнімен шын жүректен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және толағай табыс тіледі.

Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі дәйекті түрде дамытуға ниеттестік білдірді.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Армения арасындағы жан-жақты қатынастарды нығайта беруге ниетті екендігін жеткізді.

Сооронбай Жээнбеков Елбасыны туған күнімен және астана күнімен құттықтап , Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және алға қойған мақсаттарының табысты жүзеге асырылуына ниеттестік білдірді.

Екі тарап Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тату көршілік және өзара сенімге негізделген түрлі салалардағы қатынастарды одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.

Өзбекстан Президенті Елбасыны туған күнімен және астана күнімен құттықтап , Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық және толағай табыс тіледі .

Әңгімелесу барысында достыққа, сенім мен ынтымақтастыққа негізделген Қазақстан-Өзбекстан стратегиялық қарым-қатынастарын тереңдетудің маңыздылығы туралы айтылды.

Соңғы жаңалықтар