Бірқатар лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны анықталды - Алматы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті тәртіптік кеңесінің отырыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Отырыс барысында лауазымды тұлғаларға, сондай-ақ құқық қорғау органдары өкілдеріне қатысты істер қаралды.

Бірқатар лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны анықталды.

Алматы қаласының тәртіптік кеңесі қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаевқа жол-патрульдік полиция полкінің полицейлері Жұманов пен Қартбаевқа қатаң сөгіс жариялауға ұсыныс берілді.

Қалалық ІІД басшысына сондай-ақ, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заңнаманы, әрі ҚР ІІМ тергеу-іздестіру туралы бірыңғай ережені бұзғаны үшін Алмалы аудандық ІІБ анықтау бөлімінің қызметкері Бахтияр Бегімбетовты қызметінен босату туралы ұсыныс айтылды.

Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрі Владимир Школьникке Ядролық физика институты бас директорының міндетін атқарушы Петр Чакровқа ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заңға сәйкес өз қызметіне сәйкес еместігі туралы ескерту жасау жөнінде ұсыныс айтылды.

Соңғы жаңалықтар