+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Бірқатар елдерде халық коронавирус вакцинасының үшінші дозасын алып жатыр

2021 жылғы 3 тамыз 08:30
Бөлісіңіз:
Бірқатар елдерде халық коронавирус вакцинасының үшінші дозасын алып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясының алаңдатарлық статистикасы халыққа вакцинаның үшінші дозасын алуды ұсынады. Бұл туралы, атап айтқанда, Германияның 16 федералды штатының денсаулық сақтау министрлері келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жарты миллион адам коронавирусқа қарсы вакцина алды Қарағандыда кеншілер мен металлургтер арасында екі автокөлік ойнатылды Алматыда бір тәулікте 6 мыңнан астам адам вакцина алды

Сондай-ақ, вакцинация бағдарламасына 12 жастан 17 жасқа дейінгі тұрғындарды енгізу туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта Германияда халықтың 52%-дан астамы екі екпеден алды.

Израильде бес ай бұрын егілген 60 жастан асқан азаматтарды қосымша вакциналау кампаниясы жүріп жатыр.

Президент Ицхак Герцог алғашқылардың бірі болып «Пфайзер» америкалық компаниясы препаратының үшінші дозасын алды.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде елде коронавирус жұқтырғандардың 40% — балалар мен жасөспірімдер.

Сонымен қатар, вакцинация мен шектеу шараларына қарсы халықтың бір бөлігінің наразылығы да артып келеді.

Польшада белгісіз біреулер Замосць қаласындағы вакцинация пункті мен эпидемиологиялық станцияны өртеп жіберген.

Польша билігі бұл оқиғаны терроризм актісі деп атады.

Денсаулық сақтау министрі Адам Нижельский: «Бұл әрекеттер тек жергілікті медицина қызметкерлеріне ғана емес, бұл терроризм актісі мемлекетке қарсы бағытталған», - деп мәлімдеді.

Соңғы кездері агрессияның мұндай көріністері жиілеп кетті.

Демалыс күндері Гдыня қаласында вакцинацияға қарсы топ мобильді вакцинация пунктіне шабуыл жасады.

Әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, Польша тұрғындарының төрттен бір бөлігі вакциналанғысы келмейді немесе екпенің тиімділігіне әлі де күмәнмен қарайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT