Бірқабатты Шығыс: ШҚО-да бағдарлама аясында 500-ден астам көпқабатты үй салынып жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов өңір құрылысшыларын кәсіби мерекемен құттықтады.

«Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында шаһарларда сәулетті ғимараттар бой түзеп, ауылдарда түрлі бағдарламалар арқылы салынған баспаналар ел игілігіне берілуде. Биыл Шығыс Қазақстан облысы бір миллион шаршы метр тұрғын үй салу межесін бағындырды. Біз үшін бұл - үлкен жетістік. Бүгінгі таңда «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 500-ден астам көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр», - деді ол.

Әкімнің айтуынша, облыста маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды салу, жөндеу және қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір, Үржар әуежайы, Тұрғысын су электр станциясы, Семей мен Глубокое кентіндегі қазандықтар, гематологиялық орталық және балаларды оңалту орталығы, үш орта мектеп, 7 студенттік жатақхана және кәсіптік білім алып жатқан студенттер тәжірибелерін шыңдайтын 10 орталық, төртқабатты теннис орталығы, Риддер, Семей және Өскемен қалаларындағы үлкен шағын аудандарды дамыту сынды жобалар бар.

«Елді мекендерге де ерекше көңіл бөліп келеміз. Бүгінгі таңда облыс ауылдарында 30-ға жуық жаңа әлеуметтік-мәдени нысан салынып жатыр. Олардың қатарында мәдениет және спорт нысандары, су құбырлары, жолдар мен тұрғын үйлер және тағы басқа да әлеуметтік маңызға ие нысандар бар», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар