Бірінші жартыжылдықта елімізге тартылған шетелдік инвестиция 10 млрд. долларды құрады

None
None
АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы 2011 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан экономикасына 10 млрд. АҚШ долллары шамасында шетелдік инвестициялар тартылды.

Былтырғы 2010 жылдың дәл осы кезеңіндегі бұл көрсеткіш 9,4 млрд. долларды құраған еді. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

2011 жылдың бірінші жарты жылдығында сыртқа ағылған инвестициялық қаражат 2,8 млрд. теңгені құраған. Бұл 2010 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 6,7 пайызға кем. Былтыр бұл көрсеткіш 3 млрд. долларды құраған еді.

Ал Қазақстанның инновациялық саясат саласы бағытында заңнамалық қолдаулар қамтылып, мемлекеттік ынталандыру шаралары жүзеге асуда. Инновациялық гранттарды ұсынуға орай, ағымдағы жылдың бюджетінде 7,3 млрд. теңге бөлінген. Бұл ретте тапсырыстар саны 700-ге жуықтап, оның сұранысы 55 млрд. теңгеден асқан. Яғни тапсырыс былтырғы жылға қарағанда екі есеге артып, сұратылған қаржы ауқымы 4 есеге өскен.

Соңғы жаңалықтар