Бірінші вице-премьер Боронов Қырғызстан үкіметінің басшысы қызметіне ұсынылды

None
None
БІШКЕК. КАБАР - ҚазАқпарат – Парламенттік көпшілік коалициясы бүгінгі отырысында премьер-министр лауазымына ұсынылып отырған Кубатбек Боронов басқаратын үкіметтің жаңа құрамына қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабарға сілтеме жасап.

Министрлер кабинетінде айтарлықтай өзгерістер болған жоқ, тек Қырғызстанның Мемлекеттік ақпараттық технологиялар комитеті төрағасы мен Үкімет аппаратының басшысы ғана ауысты. Бұл қызметтерге «Жоғары технологиялар паркінің» басшысы Алтынбек Исмаилов пен Таалайбек Темиралиевтің кандидатурасы ұсынылды.

Үкіметтің жаңа құрамы:

Қырғызстан Республикасының вице-премьер-министрлері:

Асрандиев Эркин Шамшудинович;

Мадумаров Акрам Камбаралиевич;

Исмаилова Аида Жекшенбаевна;

Айдарбеков Чингиз – Сыртқы істер министрі;

Джунушалиев Кашкар – Ішкі істер министрі;

Джаманкулов Марат – Әділет министрі

Жеенбаева Бактыгуль – Қаржы министрі;

Муканбетов Санжар - Экономика министрі;

Чодуев Эркинбек Урайымович – Ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және мелиорация министрі;

Бейшенов Жанат – Көлік және жол министрі;

Аскаров Замирбек – Төтенше жағдайлар министрі;

Исаков Каныбек - Білім және ғылым министрі;

Абдикаримов Сабиржан - Денсаулық сақтау министрі;

Жаманкулов Азамат - Мәдениет, ақпарат және туризм министрі;

Кочкоров Улукбек - Еңбек және әлеуметтік даму министрі;

Опумбаев Орозбек - Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы;

Тердикбаев Эрлис - Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы;

Осмонбетов Эмиль - Өнеркәсіп, энергетика және жер қойнауын пайдалану мемлекеттік комитетінің төрағасы;

Исмаилов Алмазбек - Ақпараттық технологиялар және байланыс мемлекеттік комитетінің төрағасы;

Темиралиев Таайлайбек -Үкімет аппаратының басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Мухаммедкалый Абылгазиев кеше премьер-министр қызметінен отставкаға кету туралы өтініш жазды. Бүгін президент Сооронбай Жээнбеков оның отставкасын қабылдады.


Соңғы жаңалықтар