Бірінші тоқсанда негізгі капиталға 691,9 млрд. теңге инвестиция салынды - Қ.Келімбетов

None
None
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылдың басынан бері негізгі капиталдағы инвестицияның өсу үрдісі байқалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша негізгі капиталға 691,9 млрд. теңге инвестиция салынды. Бұл 2010 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштен 7,4 пайызға артық»,-деді Қ. Келімбетов.

Сонымен қатар ведомство басшысы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 3,1 пайызға өскенін айтып өтті. Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда құрылыс саласына инвестициялардың көлемі 42 пайызға артып отыр.

Соңғы жаңалықтар