Бірінші тоқсанда Қазақстан 24 млн тонна мұнай экспорттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қазақстан 24 млн тонна мұнайды экспортқа шығарды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылдың 4 айының ішінде отын-энергетика саласы бойынша оң көсреткіштер динамикасы жалғасуда. Мұнай және конденсат өндіру көлемі 29,9 млн тоннаны құрады. Яғни, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға өсім көрсетті», - деді министр.

Соның ішінде министрдің дерегінше, үш ірі жоба бойынша мұнай өндіру көлемі 17,9 млн тоннаны  құраған.

«Қашағанда 3,8 млн, Теңізде 9,9 млн, Қарашығанақта 4,2 млн тонна өндірілді. Мұнай экспорты көлемі 24,1 млн тоннаны құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес  кезеңіне қарағанда 4,3 пайызға артық», - деді ол.

Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың 4 айының ішінде мұнай өңдеу көлемі 5,1  млн тоннаға жеткен.

«Яғни, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12 пайыз өсім көрсетті. Үш мұнай  өңдеу зауыты 3,6  млн тонна көлемінде мұнай  өнімдерін шығарды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7 пайыздан астамға жоғары», - деді Қанат Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар