Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
«Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.
Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі», делінген хабарламада.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
Ата-ананың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
3х4 көлеміндегі 2 фото.
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
- Қазақстандық вакцина: Клиникалық зерттеулер, ғалымдардың жалақысы және жануарлар вакцинасы
- Қазақстандық вакцинаның артықшылықтары қандай
- Отандық вакцина не себепті Түркияда құйылуы мүмкін
- Коронавирусқа қарсы әртүрлі вакцина салдыруға бола ма
-
Қазақстандық вакцинадан кейін антидене қанша уақыт сақталады
-
Қазақстандық вакцина әзірлеген ғалымдардың жалақысы көтеріліп, баспана беріледі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам