Бірінші рет қатысқанымда қиын болды – химиядан Халықаралық олимпиада жеңімпазы

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық Мадияр Қасымалы химия пәнінен Халықаралық олимпиадада (ІСһО-2022) жоғары тұғырға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Олимпиада онлайн-форматта Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтті. Оған әлемнің 83 елінен 300-ден астам жас химиктер қатысты. Бес сағат ішінде оқушылар тоғыз тапсырманы орындауы керек еді.

Қазақстан атынан Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар және Ақтау қалаларынан 4 оқушы қатысты. Олардың барлығы жүлдегер болды. Санжар Бисенәлі, Санжар Нұрғалиев және Альмира Нурланова күміс медальдар иеленді.

Алтын жүлдені Қарағанды қаласының № 1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Мадияр Қасымалы алды. Жетекшісі – Абылай Саматов.

Мадиярдың химияға қызығушылығы 7-сыныпта басталды. Ол өткен жылы осы олимпиадада күміс жеңіп алды.

«Бірінші рет қатысқанымда қиын болды. Тапсырмаларды жылдамдықпен шеше білу және ұқыптылыққа, шығармашылық ойлауға ие болу керек еді. Мұны біле отырып, дайындық кезінде мен проблемаларды уақытында шешу дағдыларын дамытуға көп көңіл бөлдім. Менің сүйікті бөлімім – органикалық химия, ол негізгі ұғымдар арқылы осы әлемнің құрылымын түсіндіреді», – дейді Мадияр Қасымалы.

Олимпиадашыларды өзінің телеграм-каналында жеңісімен ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетов құттықтады: «Оқушыларымызды жаңа жоғары нәтижелермен және лайықты жеңістермен құттықтаймын! Біздің балаларымыздың математика, физика, химия пәндері бойынша халықаралық олимпиадалардағы жетістігі – жаратылыстану пәндері бойынша жақсы жетістіктердің көрсеткіші. Біздің команда мүшелерінің табандылығы, ақыл-ойы, еңбегі мен жеңіске деген жігері барлық басқа оқушылар үшін үлгі болады».

Министр сондай-ақ осы олимпиадаларға қатысу тарихында алғаш рет жүлдегерлер ҰБТ тапсырмай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алу үшін ақшалай сыйлықтар мен гранттар алатынын хабарлады.


Соңғы жаңалықтар