Бірінші Орта-Азиялық мото-маусым жабылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда бірінші Халықаралық Орта-Азиялық мото-маусымның жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұқаралық спорт пен туризм саласын дамытуды көздейтін іс-шараға төрт елдің әуесқой мото шабандоздары келді. Олар тараздық тұрғындарға естен кетпес әсерлі кеш сыйлады.

Орталық Азия мотошылар қауымдастығының төрағасы Асхат Сейітбековтың айтуынша, қазіргі таңда спорттың осы түрімен айналысатындардың қатары артқан. Бүгінде облыста мото спортпен айналысатын 100-ден астам адам бар. Сондай-ақ, олардың басын біріктіретін арнайы «Темір тұлпар» мото клубы жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары елімізде бұл спорт түрі дамып, туризмнің өркендеуіне де өз септігін тигізуде екен.

Халықаралық мото-маусымның жабылу салтанаты Көне шаһарда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ресей, Өзбекстан Тәжікстан және Қырғыз елінен келген мото байкерлер қала тұрғындарына өз шеберліктерін көрсетіп, арнайы шеру өткізді.

«Осы жылдың мамыр айында Ташкент қаласында мото-маусымның ашылу салтанаты өткен болатын. Енді, міне, тарихы терең Тараз қаласында жабылуы өтуде. Біз осы уақыт аралығында Ресей, Тәжікстан, Қырғыз Республикаларында болып, арнайы ұйымдастырылған фестивальдеге қатыстық. Бұл шара Орта –Азиядағы барлық осы спорт түріне қызығатындардың басын біріктіріп, жақындастыратын тамаша жоба»,- дейді өзбекстандық «Мото берлого» қауымдастығының мүшесі Денис Калеманов.

Сондай-ақ, тәжікстандық «Ирбис» мото клубының вице-төрағасы Форис Нурмухамедов осы шараға екі күндік жол жүріп келегенін жеткізіп, Тараздың көрнекті орындарын, тарихи нысандарын аралап, тамаша әсерге бөленгенін білдірді.

Соңғы жаңалықтар