Бірінші кезеңнің өзінде транскаспий жүйесінің қуаттылығы жылына 27 миллион тонна мұнайды құрайды

None
None
күйектің 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бірінші кезеңнің өзінде транскаспийлік жүйенің қуаттылығы жылына 27 миллион тонна мұнайды құрайды.

Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Еуразиялық энергетикалық форумда ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша,  «Баку-Тбилиси-Жейһан» құбырына шығатын қазақстандық-каспийлік тасымалдау жүйесінің бағыты қарастырылуда. Бұл әлеуетті маршрут екі бөліктен тұрады. Олар Қашаған кен орынын, Теңіз және Құрық портын қосатын «Ескене-Құрық» құбыры, сондай-ақ  Құрық портынан Баку-Тбилиси-Жейһанға дейінгі транскаспийлік жүйе. Алайда, Бакуге дейін басқа да бағыттар болуы мүмкін. Бұл - танкерлік тасымалдаулар.

«Бірінші бөлік бойынша Қашаған консорциумымен және «Теңізшевройл» компаниясымен келіссөздерді жалғастырудамыз. Ал маршруттың екінші бөлігі бойынша әзірбайжандық тараппен ары қарайғы келіссөздер бар. Оған 2007 жылы біздің елбасылардың қол қойған келісімі  негіз болмақ»,-деді С. Мыңбаев.


Осы орайда министр бірінші кезеңнің өзінде транскаспийлік жүйенің қуаттылығы жылына 27 миллион тонна мұнайды құрайтынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар