Біріккен «Қазавтожол» мен «Қазақавтодор» жаңа тұжырымдамасын таныстырады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАвтоЖол мен «Қазавтодор» бірлескен компаниясы бірнеше жылға арналған автожолды дамытудың жаңа тұжырымдамасын таныстырады. Бұл туралы «Қазавтожол» ұлттық компаниясының баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін елордада «Kaztraffic-2022» халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Көрмеге алыс-жақын шетелдерден өкілдер келді. Шараның мақсаты – шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу. Біз осы секілді көрмелерді жиі өткізу керек деп ойлаймыз. Биыл автожол саласына сын пікірлер айтылды. Осы орайда бүгінгі көрме бізге тәжірибе алмасуда маңызы зор. Көрмеге шетелдік компаниялар өздерінің арнайы техникаларын әкелді. Жол саласы мен техникаға қатысты өзекті мәселелер ортаға салынады», - деді көрменің ашылуында «Қазавтожол» баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева.

Еске салсақ, биыл шілде де Мемлекет басшысы Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құру қажеттігі туралы айтқан еді.

Үкіметке «ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодорды» біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырамын. Нәтижесінде қызметкерлердің саны да қысқаратын болады», - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар