Біріккен Араб Әмірліктерінің жаңа президенті сайланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БАӘ Федералдық жоғарғы кеңесі бүгін шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті етіп сайлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат WAM ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

БАӘ мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, Федералдық жоғарғы кеңес бүгін Әбу-Дабидегі Әл-Мүшриф сарайында Дубайдың вице-президенті, премьер-министрі және билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның төрағалығымен отырыс өткізді.

Президент істері министрлігі жариялаған мәлімдеме бойынша ел конституциясының 51-бабына сәйкес, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян марқұм шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның орнына Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті болып сайланды.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бірікке Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянның қайтыс болуына байланысты көңіл айтқан еді.

«Шейх Халифа Әмірліктердің дамуы мен халқының игілігі жолында ұзақ жылдар бойы қалтқысыз қызмет етті. Қазақстан халқы шейх Халифа Әл Наһаянды екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға сүбелі еңбек сіңірген тұлға ретінде есте сақтайды. Марқұмның иманы саламат болсын!» - деп жазды Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.


Соңғы жаңалықтар