Біріккен Араб Әмірліктерінде уланған екі бала ауруханадан шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы Шарджада (БАӘ) уланған балалардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауруханаға жатқызылған бес баланың екеуі кеше шығарылды, тағы бір бала жақын арада шығады. Екі пациент стационардағы емін жалғастырады, олардың жағдайы тұрақты, асқыну жоқ», - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Бұған дейін БАҚ-та Шарджа курортындағы (БАӘ) жаппай улану туралы хабарланған еді. Оқиға Sheraton қонақ үйінде болған.

Зардап шеккендер қонақ үй мен туристік операторды сотқа беруді көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар