+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

2020 жылғы 29 маусым 21:52
Бөлісіңіз:
Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласына Біріккен Араб Әмірліктерінен гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Медициналық мүлік Қазақстан Қорғаныс министрлігіне БАӘ Қарулы Күштерінің қолбасшылығы арқылы беріліп, әскери бортпен жеткізілді.

Елімізге қайтарымсыз негізде медициналық қорғау костюмдері, маскалар, қолғаптар және дезинфекция құралдары берілді. Жүктің жалпы салмағы 17,7 тоннаны құрайды.

Гуманитарлық көмек өзара қолдау көрсетудің жалпы қабылданған халықаралық тәжірибесі болып табылады. Күрделі эпидемиологиялық жағдай кезінде әлемнің барлық мемлекеттері әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне және географиялық қашықтығына қарамастан өзара көмекке жүгінеді», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпаратында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059

MURAǴAT