Біріккен Араб Әмірлігі Қазақстан Елшілігіне жер телімін бөледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен БАӘ Үкіметі арасындағы Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің және БАӘ-нің Қазақстандағы Елшілігінің қажеттіліктеріне Астана қаласында және Әбу Даби қаласында жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келісімнің мақсаты - Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында екі мемлекеттің елшілік объектілерін салу қажеттілігі үшін жер учаскелерін өзара алмасуды құқықтық қамтамасыз ету.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, 2017 жылы 18 қаңтарда Әбу Даби қаласында жасалған аталған келісімді ратификациялау екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыру әрі дипломатиялық қатынастарды дамыту үшін маңызды болып тұр.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, осыған байланысты, өтеусіз жер пайдалану шартымен 49 жылға кейіннен осындай мерзімге ұзарту мүмкіндігімен, біздің елімізге Әбу Даби қаласынан алаңы 1,2 гектар болатын жер учаскесі беріледі және тиісінше Біріккен Араб Әмірліктеріне Нұр-Сұлтан қаласынан алаңы 2,6 гектар болатын учаске беріледі.


Соңғы жаңалықтар