Birgemiz: Umit жобасының волонтерлері 1 мыңнан астам жоғалған адамды іздеуге атсалысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда Мемлекет басшысының қатысуымен Волонтерлер жылының ресми жабылу салтанаты өтті. Онда еліміздің барлық аймағынан қатысып отырған волонтерлер өз тәжірибесін бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соның бірі - Арыс қаласынан келген волонтер Олжас Мамыр.

Ол Волонтер жылы еріктілерге деген құрмет артып, еңбегі елене бастағанын айтады.

« Арыстағы апат кезінде тұрғындарды эвакуациялап, азық-түлікпен және киім-кешекпен қамтамасыз етуге атсалыстық. Жақынынан көз жазып қалған қаншама жанның қайта қауышуына себеп болдық. Ең бастысы, төтенше жағдайда жылдам әрекет ету тәсілдерін үйрендік. Осы тәжірибені Мақтааралда қолдандық. Су тасқыны кезінде барлық волонтер бір орталыққа бірігіп, тізе қосып қимылдады. 16 мың тонна гуманитарлық көмек үлестірілді. Тіпті, суға кеткен адамдарды құтқарып қалған кезіміз де болды», - дейді волонтер.

Бұдан кейін Олжас Мамыр пандемия кезінде д әрігерлермен, тәртіп сақшыларымен бірге жағдайды тұрақтандыруға белсене атсалысты.

Бұл жұмыстардың барлығы Президент ұсынған «Birgemiz: Umit» жалпыұлттық жобасының мақсатымен толық үндеседі.

«Биыл «Birgemiz: Umit» жобасының волонтерлері 1 мыңнан астам жоғалған адамды іздеуге қатысты. Хабар-ошарсыз кеткен 50 адамды табуға көмектесті. Екінші дүниежүзі соғысы өткен жерлерден табылған наградалар арқылы қазақстандық 566 сарбаздың есімін анықтауға атсалысқан. Волонтерлер есірткіні жарнамалайтын 87 граффитиді өшірді», - дейді Олжас Мамыр.


Соңғы жаңалықтар