«Birgemiz: Taza Álem» жобасы аясында волонтерлерді қолдау орталықтары ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Волонтер жылы аясында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Birgemiz: Taza Álem» жалпыұлттық жобасы іске асырылып жатыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жобаны іске асыруға 55 миллион 693 мың теңге қаржы бөлінген. Оның мақсаты – азаматтарды қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту саласында волонтерлер қызметіне тарту, ағаш отырғызу мен қоқысты сұрыптауға үйрету, экологиялық волонтерлер қозғалысымен өзара әрекеттесу», - делінген баспасөз хабарламасында.

Жобаны іске асырудағы мақсат:

-Азаматтарды қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу мен қоқысты сұрыптауға үйрету;

- Нақты жергілікті міндеттерді шешуге бағытталатын 300 мың теңгеге дейін 68 шағын грант бөлу;

-1000-ға жуық азамат пен волонтерлерді тарту және оқыту;

-Жастар арасында эко-волонтерлікті кеңінен насихаттау;

-Көгалдандыру жұмыстары бойынша волонтерлік жобалады жүзеге асыру;

-Жануарларды қорғау жұмыстары бойынша волонтерлік жобалар.

«Азаматтарды қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету мақсатында 3 облыста мүдделі ұйымдармен, түрлі эко-қозғалыстармен ынтымақтастық туралы меморандум жобасы әзірленді. Қостанай, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарының жастар ресурстық орталықтарында волонтерлерді қолдау орталықтары ашылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жоба аясында азаматтардың экологиялық сауатын арттыру мақсатында «Жер күні» халықаралық мерекесінің 50 жылдығына арналған онлайн акция өткізілді. Акция барысында түрлі онлайн вебинарлар, шеберлік сабақтары, викториналар, ұтыс ойындары және экоквест болып өтті.


Соңғы жаңалықтар