«Birgemiz»: ШҚО-да 7 мыңға жуық отбасы 50 мың теңгеден алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Birgemiz» қорынан 6852 адам қаржылай көмек алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясының «Birgemiz» қорынан бірқатар санаттағы өңір тұрғындарына 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек берілуде. Қазіргі уақытта Өскемен қаласында 4876, Семей қаласында 1976 отбасы бірреттік төлем алды.

Көмек алушылардың 7 санаты бекітілген. Олардың қатарында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған жанұялар, ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын зейнеткерлер мен жетім балалар бар.

«Birgemiz» қорының төрағасы Руслан Сакеевтің айтуынша, Қазақстан бойынша 100 мыңнан астам отбасына материалдық көмек беріледі.

Осы мақсатқа қордан 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді.


Соңғы жаңалықтар