+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Birgemiz» қоры тағы 30 мың отбасыға ақшалай көмек көрсетпек

2020 жылғы 28 сәуір 16:59
Бөлісіңіз:
«Birgemiz»  қоры тағы 30 мың отбасыға ақшалай көмек көрсетпек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Birgemiz» қоры бүгін-ертең тағы 30 мың мұқтаж отбасыға 50 мың теңгеден біржолғы қаржылай көмек аударады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, елдің ағымдағы әлеуметтік және экономикалық күн тәртібі мен мемлекеттің дағдарыстан кейінгі дамуының негізгі бағыттарын белгіледі. Азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығының бәрінен қымбат екені ескеріле отырып, төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Президент осындай күрделі кезеңде ешкімнің назардан тыс қалмай, барша мұқтаж жандарға қолдау көрсетілетінін атап көрсетті. Мәселен, бүгінгі күнге дейін 4 миллионнан астам адам тікелей қаржылық көмек алып, 570 мыңдай адамға азық-түлік жиынтығы үлестірілген. Жалпы, азық-түлік себетімен 1,1 млн адам қамтылып, 1,6 млн адамның коммуналдық төлемдерінің мерзімі кейінге шегерілетін болады», - деді ол.

Бауыржан Байбек Мемлекет басшысы осынау қысылтаяң шақта нұротандықтардың, белсенділер мен волонтерлардың атқарып жатқан жұмыстарын жоғары бағалағындығын еске салды. Жасотандықтар 90 мың мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтығын, антисептик құралдарын жеткізіп бергенін, бұған қоса елордада, Алматы мен Шымкент қалаларында 100 мың отбасы тегін маскалармен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

«Сонымен бірге Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоры 330 мың мұқтаж отбасыға 50 мың теңгеден біржолғы қаржылай көмек аударды. Бүгін-ертең тағы да 30 мыңнан астам отбасы қамтылатын болады. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Birgemiz» қорынан екінші дүниежүзілік соғыстың 40 мың қатысушысы мен мүгедегі, сондай-ақ тыл еңбеккерлері 50 мың теңгеден төлемақы алды. 800-ден астам ардагер мен 8 мың тыл еңбеккеріне азық-түлік себеттері мен жеке қорғаныс құралдары жеткізіліп берілді. Ардагерлерімізге қолдау көрсету жұмыстары әрі қарай да жалғаса береді«,- деді Бауыржан Байбек.

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары 24 сәуірде елдің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында коронавирустан кейінгі кезеңде бизнеске, ең алдымен шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге күш сала отырып, экономиканы сауықтыру шараларын қолға алудың маңыздылығын атап көрсеткеніне назар аудартты.

«Осыған орай 11 мамырға дейін экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар әзірлеу жоспарланып жатыр. Үкімет мемлекеттік қолдау көрсетілетін компаниялардың тізімін жасауға кірісті. Президенттің тапсырмасы бойынша, бұған шын мәнінде маңызды және жүйе құраушы кәсіпорындар енуі тиіс. «Nur Otan» партиясы да осы жұмысқа атсалысуда. Біз, ең алдымен, шығаратын өнімінің құрамында қазақстандық үлесі жоғары және қызметкерлерінің саны көп өңдеуші сала кәсіпорындарына баса назар аударған жөн деп есептейміз. Бұл ретте кәсіпорындар үшін «қарапайым заттар экономикасы», импортқа тәуелділікті азайту аясында нақты нысаналы көрсеткіштер белгіленуі тиіс», - деді ол.

Бауыржан Байбек сондай-ақ, Президент өз мәлімдемесінде азық-түлік тауарларының жеткіліктілігі мен сапасына мониторинг жасаудың, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап көрсеткеніне тоқталды.

«Осыған байланысты «Nur Otan» партиясы өзінің өңірлік және аудандық филиалдарының жұмысын күшейтеді. Жалпы, азаматтар мен бизнесті қолдауға бағытталған қаражаттың көлемі 6 триллион теңгені құрады. Бұл қаражатты жұмсаудың тиімділігі мен ашықтығы «Nur Otan»-ның тұрақты қоғамдық бақылауында болады. Еліміздің алдында экономиканы қалпына келтіру, азаматтарды қалыпты өмірге қайта оралту бойынша маңызды жұмыстар тұр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бәріміз бірлесіп барша қиындықтарды еңсеретінімізге сенімдімін. Елдің жетекші саяси күші ретінде «Nur Otan» партиясы да өзінің бүкіл әлеуетін осыған жұмылдырады», - деді «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT