«Birgemiz» қоры Алматыға қосымша 1,2 млрд теңге бөледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Birgemiz» қоры Алматыда әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарды қолдауға қосымша 1 млрд 200 млн теңге бөледі. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарды қолдауға 1 млрд 200 млн теңге бөлмек. 23 мыңнан аса әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыға 50 мың теңгеден аса көмек көрсетіледі. Олар 1-топ мүгедектері, мүгедек бала бағып отырған ата-аналар, көпбалалы аналар», - деді Рахат Шимашева.

Сонымен қатар, «Жаңа Алатау» қоры мен «Nur Otan» партиясы тарапынан әзірленген азық-түлік себетін 5 мыңға жуық тұрғын алды.

Күніне осындай 400-500 себет таратылады.


Соңғы жаңалықтар