+7 (701) 759 90 19
USD 409.19 EUR 461.24
RUB 5.67 CNY 58.26
Jańalyqtar

«Birgemiz» қоғамдық қоры ұстанатын негізгі 10 қағида белгілі болды

2020 жылғы 25 наурыз 11:41
Бөлісіңіз:
«Birgemiz» қоғамдық қоры ұстанатын негізгі 10 қағида белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы, «Nur Otan» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорының басшылыққа алатын негізгі 10 қағидаты бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне слітеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

1. Ерікті жарналар мен қайырымдылық көмек.

Барлық қайырымдылықты бизнес өкілдері тек жеке қаражаты есебінен ерікті түрде жасайды. Бюджеттік ұйымдардан, сондай-ақ жалақыдан аударымдар қабылданбайды.

2. Атаулы сипаты.

Тікелей жеке қолдау халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына (жасына байланысты COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары жандарға, коронавирустың зардабын шеккен және әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға ұшыраған тұрмысы төмен қазақстандықтарға) көрсетіледі. Санаттар нақтылануда. Көмек елдің індет жұқтыру қаупі жоғары ірі қалаларының тұрғындарына беріледі.

3. Көмектің әділдігі.

Көмек алушылардың тізімін анықтауда субъективті пайымдаулар мен дауларды болдырмау үшін Қор заңнама талаптарына және мемлекеттік органдардың (министрліктер мен әкімдіктердің) ресми деректеріне сүйенеді.

4. Қолма-қолсыз және байланыссыз көмек.

Барлық төлемдер, транзакциялар, есеп айырысулар тек қолма-қол ақшасыз үлгіде жүзеге асырылады, бұл қаржы жұмсалымдарының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді.

5. Қор қызметінің уақыт бойынша шектелуі.

Қордың қызметі инфекцияның таралуына байланысты елдегі төтенше жағдайдың ұзақтығымен шектеледі.

6. Қор қаражатының мақсатты жұмсалуы.

Әкімшілік, ұйымдастырушылық шығыстары «Nur Otan» партиясының қайтарымсыз көмегі есебінен өтеледі.

7. Үнемділік және тиімділік.

Әлеуметтік және гигиеналық пакеттерге салынатын тауарлар бәсекелік негізде тауардың сапасы мен құнының оңтайлы қатынасы ескеріле отырып сатып алынады.

8. Қазақстандық өндірушілерді қолдау.

Әлеуметтік пакеттерді жасау үшін тауарлар, Қазақстанда жасалмайтын тауарларды қоспағанда, тек қазақстандық өндірушілерден сатып алынады.

9. Қордың қаражаты мен мемлекеттік бюджет арасының нақты ажыратылуы.

Көмек заттай әлеуметтік пакеттер (азық-түлік себеті), қорғаныс құралдары (антисептиктер, маскалар, қолғаптар), қолма-қол ақшасыз төлемдер түрінде көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен төленетін қажеттіліктер қаржыландырылмайды.

10. Қордың ашық, айқын қызметі.

Қор қызметінің ашықтығы мен айқындығы қордың басқармасынан жауапты тұлғаның күнделікті брифинг өткізіп, толықанды ақпаратты беруі, түскен қаржы мен көрсетілген көмек туралы есептерді тұрақты түрде жариялайтын арнайы сайт құру арқылы қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар қоғамдық қорда ұйым қызметінің өз жарғылық мақсаттарына сәйкестігін бақылауды құрамына белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар кіретін қамқоршылар кеңесі жүзеге асыратыны аталып өтті. Қаражаттың жұмсалуын тексеру комиссиясы бақылайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT