Birgemiz: Атырау облысында кәсіпкер 45 отбасына азық-түлік таратты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында кәсіпкер Махамбет ауданының әр оркугінде тұратын 45 отбасына тегін азық-түлік таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Birgemiz» қайырымдылық акциясына «БатысАльянсСтрой» ЖШС директоры, Атырау облыстық мәслихатының депутаты Әділ Жұбанов та қатысты. Ол Махамбет ауданындағы Сарайшық, Бейбарыс, Сарытоғай ауылдық округтерінде тұратын 45 отбасына азық-түлік жиынтығын жеткізіп берді.

«Қайырымдылық көрсету – халқымызға тән ізгілікті іс. Бұл – бір жағынан ауылдастарымызға қиын сәтте қолдау білдіру, екіншіден кейінгі ұрпақты мейірімді болуға, ұлтқа қызмет етуге тәрбиелеу. Көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін округ әкімдері арқылы алып, оларға азық-түлік себетін жеткізіп бердік», - дейді кәсіпкер Әліл Жұбанов.

Кәсіпкер ұсынған азық-түлік себетінде ұн, қант, макарон, күнбағыс майы, ет консервілері секілді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері бар.


Соңғы жаңалықтар