Birgemiz: Ақмола облысында мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізіліп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында Nur Otan партиясының белсенділері Birgemiz акциясы барысында мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі партияның облыстық филиалына сілтеме жасап.

Қиын уақытта өңірде мұқтаж жандарға көмек қолын созуда белсенділік танытып жүрген жандардың бірі - Nur Otan партиясы Ақмола облыстық филиалының мүшесі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Умар Шоназаров. Ол 40 азық-түлік себетін дайындап, мұқтаж жандарға беру үшін партияның облыстық филиалына тапсырды.

Сонымен қатар, ол соғыс ардагерлері, жалғыз басты қарияларға дәрі-дәрмек, азық-түлік және антисептиктер сатып әперген.

«Өзің көмек көрсеткен адамның қуануы, сені де қуантады», - дейді Умар Шоназаров.

Он жыл бұрын Ресейден тарихи отаны Қазақстанға көшіп келген Жапаш Шәкенов ағамыз қолында І топтағы мүгедек қызымен бірге жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Бүгін бастауыш партия ұйымының мүшесі, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Роза Арыстанқызы және белсенді партия мүшесі Умар Шоназаров жалғызбасты қарияның үйіне барып, ең қажетті азық-түлік пен антисептик құралдар жеткізді.

Жапаш ақсақал І топтағы қызы үшін Birgemiz Akmola қоғамдық қорынан қиын жағдайда қалған отбасылар үшін берілген 50 мың теңге қаржылай көмек алды. Елде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты, мұқтаж отбасыларға Елбасының бастамасымен Birgemiz қоғамдық қоры тарапынан берілген қаржылай көмекке дән риза.


Сонымен қатар, осы қайырымдылық шарасы кезінде төрт бала тәрбиелеп отырған Көкшетау қаласының тұрғыны Екатерина Анищенкоға азық-түлік себеті жеткізілді және 50 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.


Соңғы жаңалықтар