Birgemiz: 34 млрд теңге қаражат жиналған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің барлық өңірі бойынша тағы ең мұқтаж 100 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды. Бұл туралы «Nur Otan» патриясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елбасы, «Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры төлем жасаудың 5-ші толқынын аяқтады. Еліміздің барлық өңірі бойынша тағы ең мұқтаж 100 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды. Сонымен, барлығы 650 мыңнан астам отбасы немесе 2,2 млн қазақстандық тікелей қаржылық қолдаумен қамтылды», - деп жазды Б.Байбек желідегі парақшасында.
Сондай-ақ, ол қор қаражаты есебінен 2 мыңнан астам медицина қызметкеріне қолдау көрсетілгенін, су басудан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына 20 жаңа үй салынғанын жеткізді.
«Жалпы, #BizBirgemiz акциясының аясында 320 мыңдай отбасы азық-түлік себеттерімен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілді. Халық арасындағы қорғанысы әлсіз 100 мың отбасыға 5 миллион маска тегін таратылды. Елбасы бастамасымен қорға 34 млрд теңгедей қаражат жинаған барша демеушілер мен меценаттарға тағы да алғыс айтқым келеді. Коронавируспен күрес кезеңінде мұқтаждарға қолдау көрсету бойынша осынау игі іске атсалыса отырып, еліміз бен халқымыз қажырлылық пен ауызбіршіліктің үлгісін көрсетті», - деп толықтырды ол.
- Ақмола облысында карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы шықты
- Маска режимін жиі бұзатын өңірлер анықталды
- Түлкібас ауданында карантин режимі жыл басынан бері 258 рет бұзылған
- Коронавирустың өршуі: Алматыда санитарлық шаралар күшейтілді
-
ШҚО-да шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды
-
Түркістан облысында тұрғындар көкпар ұйымдастыруды тоқтатпай отыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам