#Birge #TazaQazaqstan: Шығысқазақстандықтар 800 тоннадан астам қоқыс жинады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысындағы 19 қала мен ауданда бір мезетте өткен #Birge #TazaQazaqstan атты экологиялық акциясы кезінде 800 тоннадан астам қоқысты тазартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған өңірлдің 33 мыңнан астам тұрғыны жиналып, демалыс орындарының аумағын қоқыстан тазартуға қатысты. Сөйтіп, бірнеше сағаттың ішінде 800 тоннадан немесе 3 206 текше метрден астам қоқыс жиналып, аралдар мен саябақтар, өзен жағалаулары, қазаншұңқырлар (котлован), сондай-ақ Полковничий мен Комсомол аралдары, Үлбі жағалауы қалпына келтірілді.

- Біз бұл акцияға қатысқанымызға қуаныштымыз. Шығыс Қазақстан әрдайым әсем табиғатымен көз тартады. Сол себептен біз өңіріміздің одан сайын құлпырып, гүлденуіне үлес қосуымыз керек. Біз маңайды жинап жүрген кезде экологиямызға зиян келтіретін пластик ыдыстарды көптеп жинадық. Сондықтан бәріміз табиғатты аялап, әркім өз соңынан қоқысты жинап жүрсе екен деген тілегіміз бар, - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Мәлика Елубаева.

Акцияға қатысушыларға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев алғысын білдірді.

- Қоршаған ортаны қорғауды әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Бұл біздің келер ұрпақ алдындағы парызымыз. Аталмыш акцияны дәстүрге айналдыру үшін біз жастарға үлгі көрсетуіміз керек, - деді ол.

Соңғы жаңалықтар