#Birge#TazaQazaqstan: Қазгидромет қызметкерлері 17 тоннадан астам қоқыс жинады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - РМК «Қазгидромет» қызметкерлері #Birge#TazaQazaqstan экологиялық акциясы аясында 17 тоннадан астам қоқыс жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» қызметкерлері Ақмола облысындағы Чаглинка су қоймасының жағалауында, Алматы қаласы және Алматы облысында Көкжайлау үстірті мен Қаратал өзенін, Атырауда - Жайық өзенін, Қызылорда облысында - Сырдария жағалауларын, Ақтөбеде - Ілек өзенін, БҚО-да - Жайық өзені маңайларында сенбіліктер ұйымдастырды.

Акцияға 300-ден астам адам қатысып, еліміздің 14 облысында 17 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Қазгидрометтің облыстық филиалдары #Birge#TazaQazaqstan экологиялық акциясын қолдауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар