#Birge #Taza Qazaqstan: СҚО-да 200-ден астам көл жағасы тазаланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат –Солтүстіктікқазақстандықтар да #Birge #Taza Qazaqstan республикалық экологиялық іс-шарасына үн қосып, 200-ден астам көл жағалауын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, экологиялық акцияға 14 мыңнан астам облыс тұрғыны қатысты. Іс-шараны өңір басшысының орынбасары Руслан Әлішев ашты.

«Бұл бастама біздің өңірде экологтардың ұсынысымен қолға алынып, жұртшылыққа су қоймаларын, көпшілік демалатын орындарды бірге тазалауға, тәртіпке келтіруге үндеу тасталды. Ендеше бәріміз бұл игі істен шет қалмай, тазалыққа, қоршаған ортаны тәртіпке келтіруге өз үлестерімізді қосайық», - деді СҚО әкімінің орынбасары Руслан Әлішев.

Экочелленджге мемлекеттік қызметкерлер, қоғам өкілдері, волонтерлер мен қала тұрғындары қатысты.

«Бүгін осындай ауқымды экологиялық іс-шара өтіп жатыр. Оған қатысып, аз да болса өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын. Қаламыз таза болса екен деймін, өйткені денсаулық тікелей тазалыққа байланысты. Айналамызды таза ұстау біздің ортақ міндетіміз», - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Галина Коломиц.

СҚО бойынша Экология департаменті жетекшісінің міндетін атқарушы Азамат Бектасовтың айтуынша, акция аясында 126 мың тонна қоқыс жиналды. Нәтижесінде 350 мың шаршы метр аумақ тазаланды.

Естеріңізде болса, #Birge #TazaQazaqstan республикалық акциясы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтың бастамасы.

Игі шараны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады.



Соңғы жаңалықтар