«BIRGE» акциясы арқылы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына ұсыныс беруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін еліміз бойынша Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына ұсыныстар мен тың идеялар жинау үшін «BIRGE» жалпыұлттық акциясы өз жұмысын бастады. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Акция аясында еліміздің әр азаматы жергілікті жердегі қоғамдық штабтарға келіп өз пікірлерін білдіріп, дамудың жаңа кезеңінде Қазақстанның алдында тұрған басым бағыттарды айқындауға тікелей қатыса алады.

«Бұл - әр қазақстандыққа еліміздің күн тәртібін қалыптастыруға үлес қосу үшін беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Сондықтан әрқайсыңызды ертеңгі күнімізге бейжай қарамай, тың бастамаға белсенді түрде қатысуға шақырамын. Еліміздің кемел келешегін #BIRGE жасайық», - деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Соңғы жаңалықтар