Біреуге өкпелеген болуы мүмкін: Алматыда 15 жасар бала табылмай жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда із-түзсіз кеткен 15 жастағы интернат тəрбиеленушісін іздеуге полиция, еріктілер, интернат қызметкерлері атсалысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дамир Серікұлы Н.Островский атындағы зағип және көзі нашар көретін балаларға арналған №4 мектеп-интернатынан 12 желтоқсанда кетіп қалған. Кетерінің алдында хат жазып, анасына қалдырып кеткен.

«Таңертең таңғы асқа барудан бас тартты. Ешкімге ескертпестен кетіп қалған. Бірақ хат жазып кеткен. Оны бізге анасы көрсетті. Хатында жасөспірім онымен ешкім сөйлеспейтінін, барлығы теріс айналатынын айтып шағымданған. Бұл хат интернаттан табылмады. Бізде ондай болуы мүмкін емес. Ол интернатта қонып жүрген. Балалардың барлығы Дамирмен бірге ойнап, сабақта сөйлесіп отыратындарын айтты. Олармен сөйлестік. Мүмкін біреуге ренжіген шығар. Біз ескертпей кетіп қалады деп ойламадық. Оған ешкім қысым көрсеткен жоқ. Өзіміз де аң-таң болдық. Интернат ұжымы оны күтіп отыр. Полицияға арыздандық. Қазір барлық іздестіру тобы Дамир баруы мүмкін жерлерді аралап жүр»,- деді интернат директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақытгүл Жұмаділова.

Алматы қалалық білім басқармасының мəліметінше, іздестіру жұмыстарына екі топ жұмылдырылды. Əрқайсысында 40-50 адам бар.

«Интернат қызметкерлері кезекпен тəулік бойы жұмыс істеп жатыр. Барлық базарлар, компьютерлік клубтар, 1-2 вокзалдар, Сайран автовокзалы, сауда орындары түгел тінтілді»,- деді білім басқармасынан.

Соңғы жаңалықтар