Біреудің қолынан ажал құшқан судья туралы тың деректер

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Қаскөйдің қолынан ажал құшқан Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрайымы Жанна Қайратқызы Бердіғұлованың 28 жылдан астам уақыт сот жүйесінде қызмет атқарғаны белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жанна Қайратқызы 1971 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын Жоғары Сот отырысында хатшы ретінде бастап, 28 жылдан астам уақыт сот жүйесінде қызмет атқарды.

1998 жылдан Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық сотының судьясы, 2003 жылдан Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы, 2007 жылдан Алматы облыстық сотының судьясы, 2012 жылдан Алматы облысының мамандандырлыған ауданаралық әкімшілік сотының төрайымы, 2014 жылдан Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрайымы қызметінде болды.

«Өзінің кәсібилігі мен мамандығына берілгендігінің арқасында Жанна Қайратқызы жас мамандар мен судьяларға үлгі, өнеге бола білді. Судьялар қоғамы оны жақсы адам ғана емес, өз ісінің майталман шебері, әділ әрі кәсіби судья деп жадында сақтайтын болады», деп көрсетілген хабарламада.

Еске сала кетейік, Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрайымы Жанна Қайратқызы Бердіғұлова ағымдағы жылдың 13-ші маусымы күні өз үйіндеөлтірілген болатын.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша 1971 жылғы әйелдің мүрдесі өз үйіндегі жуынатын бөлмеден табылған. Марқұмның мойнынан қылқындыру буындыру әрекетінің белгілері анықталды. Осы оқиғаға күдікті 1984 жылғы көкшетаулық ұсталды. Күдіктінің осыған дейінде ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болғаны анықталды.

Қазіргі кезде, күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 99 бабы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.

Соңғы жаңалықтар