Бірегей отандық артефактілер туралы фильм түсіру қажет - А.Мұхамедиұлы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірегей отандық артефактілер туралы фильм түсіру қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

«Біздің музейлеріміздің басты проблемасы олар тек көрме қызметіне ғана негізделген. Ал бүкіл әлемде мұражай ең бірінші кезекте ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Біздің қазіргі міндетіміз - осынау әлемдік тәжірибені мұражайларымыздың шын мәнінде жұмысшы органға айналуы үшін өз қызметімізге енгізу», - деді ол.

Сонымен қатар А.Мұхамедиұлы танымалдығын арттыру үшін еліміздегі музейлерде сақтаулы тұрған бірегей артефактілер жайында фильм түсіру қажеттігін баса айтты.

«Қазіргі таңда Отырар, Сауран, Тараз сынды тарихи қалаларды немесе басқа да артефактілерді айтпағанның өзінде «Алтын адам» сынды қазақстандық брендке арналған не деректі фильм, не көркем фильм жоқ», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар