+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Бірдей дәрі-дәрмектің бағасы дәріханаларда неге әртүрлі – комитет жауабы

2020 жылғы 22 қаңтар 12:50
Бөлісіңіз:
Бірдей дәрі-дәрмектің бағасы дәріханаларда неге әртүрлі – комитет жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде дәрі-дәрмектің шекті бағасы белгіленген. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
31 наурызға дейін МӘМС жүйесінде сақтанушының мәртебесін алу маңызды - Айбатыр Жұмағұлов Күніне 10 мың қадам жүрудің денсаулыққа пайдасы бар ма Отырар аудандық емханасыда қатерлі ісікті айқындаудың жаңа жүйесі қолға алынды

«Өздеріңіз білетіндей, біз дәрі-дәрмектің шекті бағасын қойып отырмыз. Халықтың шағымы көп болғаннан кейін былтыр Елбасы тиісті тапсырма берген еді. Қазақстанда Ресей мен басқа елдерге қарағанда дәрі-дәрмек бағасының алшақтығы байқалып еді. Соған байланысты біз заңға өзгеріс енгізіп, бағаны белгілеу ережесін әзірлеп, бағаларға шектеу қойдық. Былтыр бірінші жартыжылдықта біраз дәрі-дәрмектің бағасы бірдей болып шыққан еді. Бұл бағытта жұмыс тоқтаған жоқ. Осы жылдың 10 қаңтарында біз бұйрықты жаңартып, ала-құла бағалардың санын азайттық. Бірақ, әлі де болса ондай бағалар бар. Комитет бағаны көтермеу үшін тиісті жағдай жасайды», - деді Нұрлыбек Асылбеков Парламент Сенатының әлеуметтік даму және ғылым комитеті мүшелерінің дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдарды тарату ісіндегі мәселелер бойынша отырысында.

Комитет төрағасының орынбасары бұл бағытта тиісті мониторинг жұмысы жүргізіліп тұратынын айтады.

«Былтыр аумақтық департаменттерге 18 шағым түскен еді. Орталыққа түскен шағымдардың бәрін сараптап, бағаны анықтап, тиісті шараларды қабылдаймыз. Қазір әкімшілік кодекс бойынша тиісті шара қолданатындай біздің құқығымыз бар», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT