Бірден екі белдік иеленген Жәнібек Әлімханұлының рейтингі жоғарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы жекпе-жегінде бірден екі титулға ие болған кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы танымал BoxRec сайтында көрсеткішін жақсартты. Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой боксы федерациясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы кездесуіндегі жеңісінің арқасында Жәнібек Әлімханұлы BoxRec беделді сайтында өз дивизионында көрсеткішін жақсартты. Ол екі позицияға көтеріліп, 52-ші орыннан көрінді», - делінген федерацияның ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетсек, 13 сәуірде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) алғашқы титулдық айқасын өткізген болатын. АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында болған жекпе-жекте ол Кристиан Оливаспен (16-4, 13 КО) жұдырықтасып, жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерін иеленді.

«Бұл тек менің ғана емес, елімнің жеңісі. Бүкіл елдің белбеуі. Жеңіспен құттықтаймын! Сіздердің қолдауларыңызды өзгеше сезіндім. Пікір қалдырғандарыңыз үшін үлкен рахмет! Бұл тек бастамасы! Алла қаласа, қазақ стилін әлемге танытамыз», - деп жазды Жәнібек Инстаграмда.

Соңғы жаңалықтар