Бір жылда Қызылорда әкімдігінің 11 қызметкері ақша жымқырған

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – 2020-2021 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімдігінің 11 қызметкері ақша жымқырған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Аймақта 2020-2021 жылдар аралығында қаржы жымқыру дерегі бойынша әкімдіктің 11 қызметкеріне қылмыстық іс қозғалған. Олардың ішінде Қызылорда облысының мәдениет, архив және құжаттама басқармасының басшысы, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы және 5 спорт мектебінің директоры, жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары, ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы мен бас маманы бар. Аталған тұлғалардың қылмыстық істері 2021 жылы тіркеліп, сот үкімдері биыл ғана жарияланды. Соның салдарынан Қызылорда өңірі республикадағы аймақтар арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық көрсеткіштермен алдыңғы қатарға ілікті», - деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Жергілікті құзырлы орган дерегінше, бүгінде Жаңақорған ауданындағы бірнеше мектептің есепшілеріне қатысты жемқорлық бағытында қылмыстық істер қозғалған.

Соңғы жаңалықтар