Бір жылда коронавируспен күреске 21 млрд теңге жұмсалды - ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында былтыр коронавируспен күреске 21 млрд теңге жаратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалының басшысы Ғалымжан Әбілов өңірде коронавируспен күреске қанша ақша жұмсалып жатқанын айтып берді.

«Өткен жылы COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында 21,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат медицина қызметкерлерін ынталандыруға, науқастарды ауруханада емдеуге, ПТР зерттеулеріне, мобильді бригадалар мен үйдегі стационарға жұмсалған», - деді ол.

Бір жылда жұқпалы аурулар бөлімшелерінде 9 миллиард теңгеден астам сомаға 18 мың адам коронавирустан емделді. Ал карантиндік стационарларда 73 миллион теңгеден астам қаражатқа 2400-ден астам адам ем-дом қабылдаған.


Соңғы жаңалықтар