Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.69 EUR 429.08
RUB 5.97 CNY 55.39
Jańalyqtar

Бір жылда Қазақстанда жеңіл автокөлік өндірісі 38 пайызға артты

2019 жылғы 13 маусым 10:22 1572
Бөлісіңіз:
Бір жылда Қазақстанда жеңіл автокөлік өндірісі 38 пайызға артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда автомобиль өндірісі артып келеді. Бұл туралы Energyprom.kz мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматының бірқатар көшелерінде қозғалыс шектеледі Қазақстанның ақылы жолдарында сараланған тариф енгізілмек

«Жыл ішінде жеңіл автокөлік өндірісі 38 пайызға өсті. Автокөлік құралдарын, тіркемелерді және жартылай тіркемелерді өндіру көлемі Қазақстанда үшінші жыл қатарынан артуда. Бұл тұрғыда биылғы қаңтар-сәуірде осы өнімдердің жалпы сомасы 83,9 млрд теңгеге жетті. 2018 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда өнеркәсіптік өндіріс индексі 145,8 пайызды құрады», - делінген таратылған мәліметте.

Белгілі болғандай, 2019 жылғы сәуірде отандық автозауыттарда 4,05 мың көлік шығарылды. Бұл көрсеткіш наурыз айымен салыстырғанда 39,5 пайызға артық және былтырғы сәуір айына қарағанда 65,8 пайызға жоғары.

«Жалпы, 2019 жылғы қаңтар-сәуірде 12,87 мың автокөлік құралдары шығарылып, бір жылдағы өсім 39,2 пайызға жетті. Оның ішінде 94 пайызы жеңіл көліктер (12,11 мың көлік), яғни 2018 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 37,9 пайызға артық.  Сонымен қатар, 307 жүк көлігі, 203 автобус, 230 тіркеме, 17 арнайы көлік өндірілді», - делінген Energyprom.kz хабарламасында.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Өнеркәсіп, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT