Бір жылда әуе компанияларына 84 инспекциялық тексеру жүргізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуропалық авиациялық агенттік моделіне негізделген азаматтық авиация саласын мемлекеттік реттеу тәсілінің енгізілуіне бір жыл толды.деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне» сілтеме жасап.

«Президент Әкімшілігі, Үкімет, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Азаматтық авиация комитеті бірнеше жыл ішінде қолданыстағы заңнаманы өзгерту бойыншаүлкен жұмыс жүргізді. Қазақстанның мемлекеттік реттеу жүйесінде алғаш рет британдық модельге негізделген ұшу қауіпсіздігін басқарудың еуропалық тәсілі енгізілді. Азаматтық авиацияның негізгі заңына және 61 заң актілеріне тиісті өзгерістер енгізілді. Бұл ең заманауи стандарттарды енгізуге, саладағы сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Бүгінгі күні Қазақстанда тұрақты және тұрақты емес рейстерді, жүк рейстерін, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын, шағын авиация және жалпы мақсаттағы авиация пайданушыларын қоса алғанда 60 әуе компания тіркелген.

«Жыл ішінде әуе компанияларға 84 инспекциялық тексеру және 4 сертификаттау жүргізілді. Қазақстанда тіркелген әуе кемелерінің жалпы саны – 788. Әуе кемелеріне 280 инспекциялық тексеру жүргізілді. Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы 84 куәлік, 146 ұшуға жарамдылығы сертификаты, 18 азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат берілді. Қазақстанда сертификатталған 24 әуежай бар, оның ішінде 17 халықаралық және 7 ішкі әуежай, сондай-ақ 6 сертификатталатын тікұшақ айлағы жұмыс істейді. Авиация әкімшілігімен 11 әуежай және 4 тікұшақ айлағы сертификатталды, 13 инспекциялық тексеру жүргізілді», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар