Бір жыл ішінде азық-түлік бағасы 4,6 пайызға қымбаттады - Статистика

None
None
АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат -ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, 2013 жылғы мамырда азық-түлік тауарларының бағасы 2012 жылғы мамырмен салыстырғанда 4,6 пайызға өсті.

Атап айтқанда, 2013 жылдың мамырында 2012 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға ұнға - 15,1 пайызға, макарон өнімдеріне, жемістер мен көкөністерге 11,3 пайыздан қымбаттаған. Ал, кофе, шай және какао бағалары - 4,9 пайыз, тоқаш және ұн өнімдеріне - 4,8 пайыз, балық және теңіз өнімдеріне - 4,7 пайыз, алкогольді ішімдіктерге, сүт өнімдеріне, май және тоң майға - 3,9 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 3,1 пайыз, нанға 1,7 пайыз өскен. Есепті кезеңде бағаның төмендеуі жармаларға - 12,2 пайыз, қантқа 7,2 пайыз деңгейінде байқалды.

«Бұдан бөлек, бір жыл ішінде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 4 пайызды құрады. Бұл ретте қой етіне баға деңгейі 5,8 пайыз, жылқы етіне - 4,3 пайыз, сиыр етіне - 3,9 пайызғаа, шошқа етіне, шұжық өнімдеріне - 3,7 пайыздан және құс етіне - 3,2 пайызға жоғары болды», - делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар