+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Бір жыл бұрын Астананың сол жағалауын жарықсыз қалдырғандар сотталды

2020 жылғы 21 қазан 15:38
Бөлісіңіз:
Бір жыл бұрын Астананың сол жағалауын жарықсыз қалдырғандар сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық №2 аудандық соты бір жыл бұрын елорданың сол жағалауы жарықсыз қалған оқиғаға қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық сотының мәліметінше, Левобережная подстансасы кабель желісі жобасының жетекшілері Б.Мұсабаев пен Ж. Жұмағаловтың, мердігер ұйым басшылары М.Еденбаев пен Б.Сасбұқаевтың құрылыс-монтаждау нормаларында өрескелік қателіктерге жол бергені анықталған. Жобадан ауытқу орын алған. Бұған қоса, жобаның өзі қателіктермен жасалып, құрылыс барысында жанатын полиэтилен құбырлар пайдаланылған. Ал авторлық және техникалық қадағалауға жауапты В.Морашан мен Х.Мұхамедалин жасырын жұмыстарды куәландыратын құжаттарға қол қойған.

Салдарынан 2019 жылдың 10 қарашасында өрт орын алып, елорданың сол жағалауы жарықсыз қалған. Келтірілген шығын 68 млн теңгеден асып жығылады.

«Сотталушылардың кінәлі екендігі сараптама қорытындыларымен дәлелденді. Процесс барысында прокурор өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бойынша айыптаудан бас тартты. Қалған айыптаулар бойынша бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдерін тағайындауды сұрады. Сотталушылар кінәларын мойындаған жоқ. Шығынды да өтемеді. Сот Мұсабаевты, Жұмағұловты, Еденбаевті, Сасбұқаевты сапасыз құрылысқа кінәлі деп таныды. Барлығы да 2 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Инжинирингілік қызметтерді тиісті деңгейде орындамаған үшін Мұхамедалин мен Морошин де 2 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген елорда соты таратқан ақпаратта.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 9 қарашасынан 10 қарашасына қараған түні сағат 02.04-те елордадағы «Левобережная» 110/10 кВ шағын стансасының 10 кВ кабель каналында өрт шықты. Кабель желісі зақымданды. Соның салдарынан қаланың сол жағалауындағы кейбір тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар жарықсыз қалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT